Алматыда екі баланың анасы жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалып кеткен екі баланың анасы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 жастағы Куташова Ольга Маловодное ауылындағы үйінен 1 маусымда шығып кеткен. Ол Алматыдағы анасының үйіне бармақ болған. Алайда, әйел анасының үйіне келмеген. Ұялы телефоны өшіп тұр.

Ольганың анасы Шарикова Павлина қазақстандықтарға видеоүндеу жариялады.

«Сіздерден көмек сұраймын. 1998  жылы туған қызым Куташова Ольга Сергеевна 1 маусымда үйден шыққан. Содан бері одан хабар жоқ. Үйінде жолдасы, екі баласы күтіп отыр. Қызым, сен мені тыңдап отырсаң, үйге қайтуыңды өтінемін», - деді анасы Шарикова Павлина.

Бойжеткеннің туыстары Алмалы аудандық ІІБ-ге арыз жазды. Қазір Ольганы іздестіруге полиция қызметкерлері де кірісті.

Соңғы жаңалықтар