Алматыда екі балаға иіс тиді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда пеш түтіндігіндегі ақау болуы салдарынан екі балаға иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД-ға сілтеме жасап.

ТЖД қызметінің хабарлауынша, 1 ақпан күні Алатау ауданындағы Әйгерім ықшамауданындағы жер үйлердің біріндегі пештің түтіндігінде ақау болуына байланысты 6 жас және 3 айлық сәбиге иіс тиіп, ауруханаға жатқызылған.

«Үй иесі пешті от жағу маусымына дайындамаған, яғни ішін тазаламағаны анықталды. Белгілі болғаны, желтоқсан және қаңтар айларында ТЖ бойынша Алатау аудандық бөлімінің инспекторлары үй иелерімен қауіпсіздің шараларын сақтау туралы сөйлескен. Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, екі баланың денсаулық жағдайы – қалыпты, жеңіл деңгейде уланған. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Баспасөз хабарламасында күн жылынып кеткеніне қарамастан, пештегі ақауларды жөндеу керектігі жазылған.


Соңғы жаңалықтар