Алматыда екі бала мен анасының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Спутник» тұрғын үй кешеніндегі әйел мен екі баласының өліміне қатысты кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйел мен оның екі баласының денесі 6 тамыз күні қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылды. Екі бүлдіршіннің мәйітінде зорлық-зомбылық ізі болған. Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Сондай-ақ, видеоматериалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық істі ерекше бақылауына алды», - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Бұған дейін 6 тамыз күні «Мамыр» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар