Алматыда екі автобустың соқтығысуынан бес адам ауруханаға жеткізілді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық қоғамдық денсауық сақтау басқармасы бүгін екі автобустың соқтығысуынан қанша адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілгенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2 ақпан күні, таңғы сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің батысында екі автобустың соқтығысуымен жол апаты болды. Нәтижесінде 5 адам зардап шекті. 3 адам бас жарақаты, желке аймағының жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозымен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына, 2 адам Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Екі науқас тексеруден соң амбулаторлық бақылауға жіберілді», - деп хабарлады ведомствода.

Еске салайық, бүгін Алматыда таңертең әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай көлік апаты болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты


Соңғы жаңалықтар