Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам жарақат алды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2 ақпан күні сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай көлік апаты болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметінше, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала деректерге қарағанда, алты адам дене жарақатын алды.

Жол апатының дерегін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады.


Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар