Алматыда екі автобус соқтығысты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, зардап шеккендер көп.

«Төле би - Абылай хан көшелері қиылысының дәл ортасында жан түршігерлік апат болды. Екі автобус соқтығысып, саябаққа кіріп кетті. Жолаушыларға обал болды, көптеген зардап шеккендер бар», - деп жазды оқиға куәгері Facebook-те.
Алматы қалалық Мобильділік басқармасының мәліметінше, құзырлы органдар оқиға орнында жұмыс істеуде.

Жол-көлік апатының себебін полиция қызметкерлері анықтауда.

Алматыда жақында ғана тағы бір қоғамдық көлік жол апатына ұшыраған еді. Ол кезде жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, тұрғын үйге соғылған болатын.


Фото: facebook.com/Гульмира Илеуова


Соңғы жаңалықтар