Алматыда екі ағаш кескен тұрғын орнына 20-сын отырғызатын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Райымбек даңғылы бойындағы ағаштарды кескен алматылық жауапқа тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына  ағаштардың кесілгені туралы тұрғындар  айтқан. 

«8 ақпанда Райымбек даңғылындағы 100-ші ғимарат тұрғындарынан екі ағаштың кесілгені туралы ақпарат түсті. Аталған мекенжайға барып, тексердік. Расында да Тянь-Шань шыршасы мен боз арша кесілген. Басқарма тарапынан ондай ағаштарды кесуге рұқсат берілмеген»,- делінген ведомство хабарламасында. Осыдан кейін, ағаштарды кескен Рафилов есімді тұрғын екені анықталған.

Алматы қаласы бойынша жасыл желектерді өсіру және қорғау жөніндегі ережені бұзғаны үшін, оған ҚР Әкімшілік кодексінің 386 тармағы бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Енді кінәлі айыппұл төлеп қана қоймай, 1 қылқан жапырақты ағаштың орнына 20 түп ағаш отырғызатын болды.

«Жеке тұлға есебінен алынған жасыл желектің орнына 20 ұқсас ағаш отырғызылады, яғни бес шырша мен бес жоз арша 12 ақпанға дейін, ал қалған 10-ы 2018 жылдың 1 наурызына дейін отырғызылады», делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар