Алматыда екі адамды көлік қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Mercedes» автокөлігі екі адамды қағып кетті. Жаяу жүргіншілер рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше түнде Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысы маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам мен әйел адам рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болған. Жүргізуші тоқтап үлгермей, бар жылдамдықпен ер адамды қағып кеткен.

Салдарынан, 71 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Әйел адам ауруханаға жеткізілді. Жантүршігерлік жол көлік оқиғасының бейнежазбасы Instagram-дағы павликтердің бірінде пайда болды.



Соңғы жаңалықтар