Алматыда егде жастағы кісілерге арналған орталық ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жасы ұлғайған кісілер компьютерлік сауатын ашып, смартфондармен жұмыс істеуді және ағылшын тілін үйренеді. Бұл үшін зейнеткерлерге арналған орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықта апта сайын психологиялық, медициналық, заң жөнінен кеңестер беріліп, мотивациялық семинар мен шеберлік сабақтары өткізіледі.

nullСондай-ақ, алматылық зейнеткерлер үшін мұнда кітапхана, йога және аэробика фитнес-залы, шахмат, тоғызқұмалақ, домино, тоқымамен айналысатын бөлмелер жұмыс істейді.

null «Мұнда бәрі ұтымды ойластырылған. Осыны ұзақ күттік. Мен  бұл орталықтың ашылғанын  "ұзынқұлақтан" естідім. Хор, йога сияқты өзіме ұнаған бағдарламаларды таңдадым. Жасым 80-ге келсе де, өте белсендімін. Енді компьютерде жұмыс істеуді үйренгім келеді», - дейді орталыққа келген Римма Калашникова.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегополисте ашылған зейнеткерлер орталығына  қонаққа келді.

null«Қарияларға қолдау қажет. Ата-апаларымыз зейнеткерлікпен шектеліп қалмауы тиіс. Олар өздерінің қоғамға қажет екенін сезініп, біздің назарымызда болғысы келеді. Сол үшін қарияларды қамқорлығымызға алып отырмыз», - деді Бауыржан Байбек.

Соңғы жаңалықтар