Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 428.94
RUB 5.93 CNY 56.70
Jańalyqtar

Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

2019 жылғы 16 сәуір 12:05 699
Бөлісіңіз:
Алматыда дзюдодан Азия кубогы өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20-21 сәуір күндері Алматы қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Бублик Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады «Сарыарқа» ЖХЛ-дың екінші финалдық матчында жеңіске жетті

ҚР Дзюдо федерациясы мәлім еткендей халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған әлемдік додаға 2002-2003 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 1999-2001 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады.

IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге - 40 ұпайдан беріледі.

Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресейден барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Жарыс әр күні сағат 10:00-де басталады. Ал финалдық кездесулер 20 сәуір күні  17:00-де басталса, 21 сәуір күні 16:30-да басталады.

Айта кетейік, Махмұтов Бекет Сапабекұлы - Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының Президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо Одағының вице-президенті қызметін атқарған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Алматы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT