Алматыда дүңгіршек өртенді: ішінен бір адамның мәйіті табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Ақсай-3 шағынауданындағы 62 үйге қарама қарсы орналасқан дүңгіршек өртенді. Ішінен бір адамның мүрдесі табылды.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.

Өрт туралы хабарлама кешкі 9 шамасында түскен.

Жалын тілі 6 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер дүңгіршектің ішінен бір адамның мүрдесін тапты. Əзірге оның кім екендігі, жынысы мен жасы белгісіз.

Іс материалдары қалалық ІІД-ге тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар