USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматыда дүкен тонағандар Атырауда ұсталды

2022 жылғы 13 қаңтар 18:51
Бөлісіңіз:
Алматыда дүкен тонағандар Атырауда ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Алматыдағы дүкенді тонаған 3 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Кербұлақ ауданының полициясы Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде дүкен тонаған тұрғынды анықтады Алматы трагедиясы: мәйітханадан 41 мәйітті белгісіз адамдар ұрлап әкеткен Қарулы қылмыскерлер қала көшелерінде бейберекет оқ жаудырды – Алматы полиция департаменті

Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері 12 қаңтарда «Алматы-Атырау» пойызынан түскен жолаушылардың сөмкесін тексерген.

«Жолаушылардың сөмкелерін тексеру кезінде Ақтау қаласының 3 тұрғынынан Алматы қаласындағы Mon Amie дүкенінің тауарлары табылды. Бұл – 30 дана әтір суы, 55 дана косметикалық бұйым. Тексеру іс-шарасы теміржолдың күзет фирмасы мен Ұлттық ұлан

әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүзеге асырылды. Аталған дерекке қатысты ҚР

Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 3-бөлімінің 3) тармағымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір ұсталғандарға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Атырау

стансасындағы желілік полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы

Мейірбек Өтеғали.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс

қаруы тәркіленгенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT