Алматыда дүкен тонаған бес адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде, дүкен тонаған бес адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, қала орталығында күндізгі уақытта 21-27 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Олардың екеуі - қыздар. Күдіктілердің есірткі тығып жатқаны белгілі болды.

Ұсталғандардың жалдамалы пәтерінен бөлшек сауда үшін оралған синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ, күдіктілер тонау кезінде қылмыстық жолмен алған цифрлық құрал-жабдықтар табылды және тәркіленді.

Барлығы 70-тен астам ұнтақты заты бар магниттік бумалар,компьютердің екі процессоры мен мониторы, ноутбуктер, теледидарлар, проекторлар, пернетақталар, виртуалды ойындарға арналған жабыдықтар. Сондай-ақ, әскерилендірілген оқ-дәрілер табылды және қылмыстық іс материалдарына қосылды.

Күдіктілер қамауға алынды.

Олардың кім екені және заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.


Соңғы жаңалықтар