Алматыда дүкен саудагерлерін алдап, алаяқтықпен айналысқандар құрықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дүкен саудагерлерін алдап келген алаяқтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД-іне сілтеме жасай отырып.

«21 және 19 жастағы жігіттер дүкендерге кіріп, қалталарынан 10 мың теңге шығаратын болған. Алайда ақшаны бермей тұрып, олар сатушыны сөзге айналдырған. Тауарды алып болған соң сатушы ақша төлеулерін сұраған кезде, «ақшаны бергенбіз» деп дауласады екен. Тәжірибесіз сатушылар оларға қалдық ақша қайтарып отырған. Кейін кассадағы ақшаның жетіспейтіндігін білгенде барып, алданғанын сезіп, дабыл қаққан», - деді Әуезов аудандық ІІБ полиция басқармасы бөлімінің басшысы Мұрат Қаспақбаев.

Жас жігіттер осылайша 4 адамды алдап соққан. Тіпті ірі сауда орнында да дау туғызған көрінеді.

Қазір олардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар