Алматыда «дрифт-шоу» жасаған жүргізушілерге әкімшілік жаза тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «дрифт-шоу» жасаған жүргізушілер әкімшілік кодекстің 7-бабы бойынша айыпқа тартылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, «Lexus IS» тізгіндеген 26 жастағы Құрбанов Тамаз ҚР ӘҚбК 606-бабының 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614-бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590 -бабының 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу) бойынша жауап беретін болады.

Ал «Мицубиси Лансер» тізгіндеген 23 жастағы Мамедов Афганға қатысты әкімшілік полиция басқармасымен 4-бап бойынша: ҚР ӘҚбК 606 бабының 1-тармағы (апатты жағдай тудыра отырып жол ережесін бұзу), 614 -бабы (көліктерге кедергі келтіру), 590-бабының 1-тармағы (анық көрінбейтін мемлекеттік тіркеу нөмірімен жолға шығу), 601-бабының 1-тармағы (жол белгілеріне назар аудармау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, ашық жолды әдейі бітеп, қасақана жылдамдықты азайтқан той кортежінің тағы үш көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбК 614 -бабы (көліктерге кедергі келтіру) хаттама толтырылды.

Айта кету керек, Алматыда бірнеше көлік әл-Фараби көшесінің бойында тұтас жолды бітеп, «форсаж» ұйымдастырған болатын. Кейін белгілі болғандай, олар той кортежінің қатысушылары болып шықты. Жол бойындағы «дрифт-шоу» бейнекамераға түсіп қалған. Қалалық полиция көлік қозғалысына кедергі келтірген азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Соңғы жаңалықтар