Алматыда дөнер дүңгіршегі өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Бостандық ауданында дүкенге жапсарлас салынған дөнер дайындайтын дүңгіршек өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖД-нің хабарлауынша, өрт 12 наурызға қараған түнде Марков көшесі 51-ші ғимаратта сағат 03-15-те тұтанған.

«Өрт сөндірушілердің алғашқы көмегі сағат 03-23-те барды. Оқиға орнында жеке тұрған «Салауат» дүкеніне жапсарластырып ашылған дөнер дайындайтын орын өртке оранған. От жалыны дүкен шатырына көшкен. Өрт сөндірушілер дүкеннің отқа орануына жол бермеді», - деді ведомствоның ресми өкілі Сандуғаш Баймухамбетова.

Тілсіз жау 03.33-те ауыздықталып, 03.55-те толығымен сөндірілді, өрт 90 шаршы метр аумақты шарпыған. Жапа шеккендер жоқ. 

Еске салайық, ағымдағы жылдың қаңтар айында Алматыда дөнер дүңгіршегі өртеніп , 16 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Соңғы жаңалықтар