Алматыда домбыраны тегін үйрететін орталық ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Ерден Хайруллин ауданда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында өскелең ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өткен болатын.

«Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты – жағдайы төмен отбасылардан шыққан бастауыш сыныптарда оқитын балаларды аға буын өкілдерінің тәрбиесіне баулу», — деп атап өтті Е. Хайруллин.

Сондай-ақ Алмалы ауданында ауданы 100 шаршы метр болатын «Asyl Mura» домбыра орталығын ашу жоспарлануда. Мұнда домбыраны Құрманғазы атындағы консерваторияның оқытушылары тегін үйрететін болады.

«2020 жылдың 9 айында әлеуметтік жауапкершілік аясында 8 балалар алаңы, 9 спорт алаңы және бокс алаңы (Гагарин даңғылындағы бульвар, сомасы 6 млн тг) салынды. Халықты жұмыспен қамту және шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері барлық деңгейдегі әкімдер қызметінің басты басымдығы. Дәл осы бағыт бойынша жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша «Almaly» халыққа қызмет көрсету орталығын ашуға бастама жасалды, ол 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді және өз ісін ашу және дамыту кезінде консалтингтік қызметтерді алуда қолайлы етіп «бір терезе» форматында жасалған, сондай-ақ мемлекеттік қолдау түрлері мен құралдары, бизнес жүргізудің өзекті мәселелері бойынша ақпараттындыруда халықтың оң пікірлеріне ие»,– дейді спикер.


Соңғы жаңалықтар