+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Алматыда дизайнердің өліміне күдікті ұсталды

2020 жылғы 19 қазан 10:10
Бөлісіңіз:
Алматыда дизайнердің өліміне күдікті ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дизайнер Сәбит Bisen кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дизайнердің қазасы туралы оның достары мен әріптестері әлеуметтік желіде хабарлады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, соққыға жығылған адам туралы ақпарат полицияға 18 қазанда түнгі сағат екілер шамасында түскен. «102» пультіне қоңырау шалушының айтуынша, белгісіз ер адамдар алдымен аулада жанжалдасқан, содан кейін төбелес басталған, нәтижесінде олардың бірі жерге құлап, екіншісі қылмыс орнынан қашып кеткен.

«Оқиға орнына келген, медициналық бригада ер адамның көз жұмғанын айтты. Оның жеке басы бірден анықталды - 1989 жылы туған Б. деген азамат. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған Д. атты азамат ұсталды. Ол кінәсін бірден мойындады. Белгілі болғандай, дизайнер күдіктінің қарындасынның жігіті болған»,– деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Бұл факт Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлімі бойынша тергелуде. Тергеу амалдары Полиция департаменті басшылығының бақылауында»,– деп атап өтті полициядан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT