Алматыда дизайн-код бойынша салынатын әжетхана эскиздері ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаңа ереже бойынша салынатын әжетхананың эскиздері ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобалық құжатта әжетхананың екі нұсқасы көрсетілген: біріншісінде - биіктігі – 2 800 сантиметр. Ені – 2 700 сантиметр. Ұзындығы – 6 200 сантиметр, екіншісінде – 2 800 сантиметр. Ені – 1 850 сантиметр. Ұзындығы – 5 950 сантиметр.

«Бұл жылжымалы автоматтандырылған павильондары бар әжетханалар. Олар іргетасты қажет етпейді және еуропалық технология бойынша сапалы материалдарды қолдана отырып жасалған», - делінген құжатта.

Сонымен қатар, жоба авторлары әжетхананың тазалығы үнемі бақылауда болатынын атап өтті.

«Әжетхана автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс істейді: Есігі жабылғаннан кейін 15 минут өткен соң, ескерту дыбыстық дабыл қағылып, әжетхана есіктері автоматты түрде ашылады», - деп толықтырды авторлар.

Соңғы жаңалықтар