Алматыда дискоклуб клиенттерді арнайы құжатпен кіргізіп отырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда карантин кезінде жұмыс істеп тұрған дискоклуб әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Bor Bossa» дискоклубының қызметкерлері клиенттерді іріктеп, клуб картасымен кіргізіп отырған.

Келушілер медициналық маска тақпаған, әлеуметтік қашықтықты сақтамаған.

«Келушілердің кейбіреулері бассейнде шомылып жатқан. Кейбіреулер бар түбінде тұрған. Карантин кезінде жұмыс істеп тұрған мекемеге қатысты әкімшілік шара қолдану үшін Түрксіб аудандық Полиция басқармасына 90 адам жеткізілді. Оның ішінде қызметкерлер де бар», - деді ПД басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.

Алмалы ауданында да карантин талаптарын бұзып жұмыс істеп тұрған ойын-сауық мекемесі әшкереленді. Тексеру кезінде дәмханада 40 адам жүрген. Олар ҚР ӘқбК 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар