+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда діни бірлестіктер кеңесі өтті

2021 жылғы 24 маусым 10:38
Бөлісіңіз:
Алматыда діни бірлестіктер кеңесі өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен әкімдіктің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрбан Айттың екінші күні 30 мыңнан астам отбасыға ет таратылды – ҚМДБ Қарағанды мешіті Құрбан айттың бірінші күнінде 12 мың келіден астам ет таратты Құрбан Айттың алғашқы күні 40 мың отбасыға ет таратылды – ҚМДБ

Кеңес құрамына жетекші конфессиялардың жетекшілері, дінтанушылар кіреді.

Кеңестің негізгі мақсаты – діни сенімдерге қатысты ұсыныс пен ұсынымдар әзірлеу, қоғамдағы рухани келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру.

Маңызды міндеттердің бірі – конфликт аймақтарын анықтау және ішкі әрі конфессиялар арасындағы тікетіреске жол бермеу.

Кездесу барысында екінші жартыжылдықтағы конфессияаралық келісімді нығайту бойынша жұмыс жоспары қаралды, оның ішінде жыл сайын 18 қазанда атап өтілетін рухани келісім күні.

Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.

Кездесуге қатысушылар діни ахуал туралы өз пікірлерімен бөлісіп, қаладағы конфессиялар арасында рухани бауырластықты нығайту жөнінде ұсыныстарын айтты.

Кеңес төрағасы, әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылатындығын атап өтті.

Алматыда 100-ден астам түрлі этнос өкілдері, сондай-ақ елдегі 18 конфессияның 17-сі тұрады.

Бүгінгі күні қалада 184 жергілікті діни бірлестік бар, 115 ғибадат орны жұмыс істейді.

1991 жылдан бастап Алматыда діни бірлестіктердің саны 12 есе өсті.

3 жаңа мешіт пен бір ғибадатхананың құрылысы жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT