Алматыда діни бірлестік өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының діни бірлестіктер өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін қауіпті індетке қарсы вакцина салдырдым. Екпеден кейін ешқандай жанама әсерді сезіп тұрғаным жоқ. Жағдайым жақсы. Біздің ұйымнан екпе салдыруға төрт адам келді. Мен вакцинацияны қолдаймын. Өйткені, мемлекет азаматтардың денсаулығына ерекше қамқорлықпен қарайды», - дейді «Өмір көзі» Христиан Евангелдік Пятидесятничная шіркеуінің» бас пасторы Виталий Пак.

Діни бірлестік өкілдері тұрғындарды вирусқа қарсы шараларды орындауға және вакцина алуға шақырады.

«Біз діни қауымдастық ретінде әрдайым медицинаны қолдаймыз. Шіркеу ретінде біз үшін сенушілердің вакцина алғандары маңызды. Біз вакцинация ауруды жеңуге және төмендетуге көмектесетінін білеміз. Жақында біз библия орталығымыздың студиясына дәрігер мен құқық қорғаушыны шақырып бағдарлама түсірдік. Мамандар вакцинаның тиімділігі туралы айтты. Біз вакцина арқылы ауруды жеңіміз», - деді «Жаңа өмір» библия орталығының өкілі Алексей Кильдишов

Бүгін діни бірлестіктердің 28 өкілі вакцина салдырды.


Соңғы жаңалықтар