Алматыда Димаш Құдайберген бейнеленген мурал жөнделеді

None
Ашық көздерден алынған фото
АЛМАТЫ. Алматыда - Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қалпына келтіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданы тұрғындарының бірі әкіммен кездесуде жөндеу жұмыстары кезінде Димаш Құдайберген бейнеленген мурал бүлінгенін айтты.

«Біз, тұрғындар, осы сенбіде қабырға суретін қалпына келтіргіміз келеді. Бізге еш кедергі болмаса екен», - деді ол.

Ерболат Досаев бұл идеяны қолдап, тұрғындарға көмектесуге уәде берді.

«Мен сізге көмектесемін. Сенбі күні қажеттінің барлығын жасау үшін аудан әкімі мүлік иелері қауымдастығынан адамдарды жинайды»,- деді қала әкімі.

Еске салайық 2020 жылдың жазында Алматының орталығындағы үйлердің бірінің қабырғасында Димаш Құдайберген бейнеленген сурет пайда болған еді.

Кейін танымал әнші Алматыда көпқабатты үйдің қабырғасына суретін салған адамдарға алғыс айтты.


Соңғы жаңалықтар