Алматыда депутаттыққа үміткер ҚХА мүшелері бас қосты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктері активінің кеңесі өтті.

Кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлер, республикалық, қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары және өкілдері Қазақстандағы саяси мәселелерді шешуде ҚХА-ның атқарар рөлін талқылады.

«Алматы тек тәуелсіздіктің тал бесігі емес, Қазақстан халықтар ассамблеясының тал бесігі. Дәл осы арада 20 жыл бұрын ҚХА 1 сессиясы өткен болатын. Бұл бүкіл әлемде болып көрмеген саяси шешім. Көп этностық елдерде қоғамдық келісім мәселесін шешу үшін қазақстандық модель пайдаланылады. Осы модель адамзат алдында ерекше бағаланады. ҚХА төрағасы, мемлекет басшысы ғасырлар бойы көп ұлттылық мемлекеттің кемшілігі деген постулатты қиратты. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің осы ҚХА құру идесы арқылы көпұлттылық мемлекеттің артықшылығына айналатынын дәлелдеді. Депутаттыққа кандидаттар халықтың сенімін сенімді ақтайды десем осы азаматтардың ортақ ойын білдіремін деп ойлаймын», - ҚХА атынан Парламент мәжілісі депутаттығына үміткер Сауытбек Әбдірахманов.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға сәйкес 2016 жылғы 26 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ҚР Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 адам - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әбдірахманов Сауытбек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, «Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Божко Владимир, Қызылорда қаласы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Жұмаділдаева Наталья, «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ким Роман, Алматы қаласындағы «Луйс» армян мәдениеті орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Микаелян Наринэ, «Вайнах» шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы» ҚБ тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мурадов Ахмет, «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Нұрымов Шаймардан, «Рада украинцев Казахстана» ЗТБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Тимощенко Юрий, «Дүнген этномәдени орталықтарының қауымдастығы» ҚБ басқармасының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Хахазов Шакир үміткер болып отыр.

Соңғы жаңалықтар