2015 жылғы 25 ақпан 11:08

Алматыда денсаулық сақтау саласынын бюджеті 10 пайызға артты - басқарма басшысы Жанат Қасымжанова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен қалалық Денсаулық сақтау басқармасының алқа кеңесінің қорытынды отырысы өтті.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көзделген міндеттердің 37 индикатордың 13-і толық орындалды. Есептік кезеңде қала тұрғындарының жасы ұзарды, ана мен бала өлімі төмендеді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен қол қойылған меморандумның 14 пунктінің 13-і орындалды. Қалалық денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті өткен жылы 10 пайызға артып, 99 пайызға орындалды. 47, 9 млн теңге байқау өткізуден үнемделді»,- деді басқарма басшысы Жанат Қасымжанова.

Оның айтуынша, 2014 жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысқан жеке және ведомствалық мекемелер саны 30 пайызға артты. 2015 жылдың сәуір-мамыр айында құрылысы аяқталуы жоспарланған

3 объектінің құрылысы басталды. (Алатау ауданы Алғабас ықшамауданындағы Қалалық емхана, Түрксіб ауданы Жас қанат ықшамауданындағы Қалалық емхана, Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының Зертханалық корпусы).

Бастапқы медико-санитарлық көмектің тұрғындарға дер кезінде көрсетілуін жақсарту үшін Мамыр ықшамауданында жергілікті бюджет қаражаты есебінен алаңы 4387,4 шаршы метр ғимарат сатып алынды.

Денсаулық сақтау және Жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Қазақстан-Ресей медициналық университеті бірлесе қол қойған Меморандумды орындау мақсатында бірге 8 әлеуметтік үйде, мүгедектер мен ардагерлерге арналған орталықтардағы тұрғындар профилактикалық медициналық тексеруден өткізілді.

Әлеуметтік маңызы бар ауруларды дер кезінде анықтау үшін алдын ала жүргізілетін шара сапасын көтеру мақсатында 5 эндоскопиялық скрининг орталықтары және амбулаториялық гепатологиялық орталық құрылды.
Осындай кешенді жүргізілген шаралар нәтижесінде тұрғындар денсаулығы индикаторының динамикасында елеулі жетістіктерге қол жеткізіліп, тұрғындар арасында өсу саны 6 пайызға, тұрғындардың табиғи өсімі 12 пайызға артты, жалпы өлім саны 3 пайызға, бала өлімі көрсеткіші 27 пайызға төмендеді. Бұл - еліміз бойынша бұрын соңды қол жеткізілмеген үздік көрсеткіш.

Ана өлімі саны 2 еседен астамға төмендеп, ана денсаулығын қорғауда медицина қызметкерлері жетістікке қол жеткізіп, еліміз бойынша үшінші орынды иеленді.

Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім саны 29 пайызға, онкопатология бойынша аурудан өлім саны 8 пайызға, туберкулез бойынша аурудан өлім саны 10 пайызға төмендеген.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына жолдаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында 2015 жылға қойылған міндеттер туралы айтып өтті.

Жанат Қасымжанова министрлік пен әкімшілік арасындағы келісілген меморандум міндеттерін әрі қарай орындау, медициналық мекемелерді жабдықтау, медбикелер қызметін жетілдіру, шаруашылық басқаруға берілген мекемелерде бақылау кеңестерін құру, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту қажеттігін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT