Алматыда денсаулық сақтау ісінің үздіктері анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында жылдың үздік дәрігерінің есімі мәлім болды.

Бұл мәртебеге №5 қалалық клиникалық аурухананың жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Амангелді Сейітқұлов лайық деп табылды. Алматы қалалық онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары Оксана Шатковская биылғы жылдың «Үздік менеджері» номинациясын иемденсе, «Zdrav-Expert» тәуелсіз сарапшылар қауымдастығының сарапшы дәрігері Бибіжан Есберген «Жылдың үздік сарапшысы» номинациясына лайық деп табылды. Орталық клиникалық аурухананың дәріхана меңгерушісі Татьяна Тасмағанбетова «Жылдың үздік провизоры» атанды. Ал, биылғы «Жыл жаңалығы» номинациясы №7 қалалық клиникалық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Владимир Мутагировке бұйырды. №6 қалалық емхананың учаскелік мейірбикесі Айна Қасымбекова «Үздік мейірбике» атанды. Сонымен қатар Алматыда медициналық қызметкерлер күніне орай өткізілген шарада қала басшысы Ахметжан Есімов үздік медициналық қызметкерлерді «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар