Алматыда Денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауысты. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Басшылыққа бұған дейін Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ректоры қызметін атқарып келген Уәлихан Ахметов тағайындалды.
Жаңа басшы ұжымға таныстырылды.
Уәлихан Ахметов 1955 жылы С.Асфендияров атындағы медициналық институтты тәмамдаған.
Еңбек жолын Орталық клиникалық ауруханада бастаған. Әр жылдары орталықтар мен институттардың директоры қызметін атқарып келген.
2008 жылдан бастап С.Асфендияров атындағы Қазақ медициналық универсиеттінің проректоры, Алматыдағы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру университетінде ректор болып тағайындалған. Алматы қалалық мәслихатына Медеу ауданынан депутат болып сайланған.
Бұған дейін басқарманы Жанат Кәкімсейітқызы Қасымжанова басқарып келген. 2012 жылдың желтоқсанынан бастап басшылық етіп келген Жанат Қасымжановаға қала әкімі мінсіз қызметі үшін алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар