Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Танымал мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада-2014 қола жүлдегері Денис Теннің туылып, өмір сүрген үйіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Петропавлға Қазақстан мен Ресей президенттерінің шекара ынтымақтастығы бойынша кездесуіне ұшып кеткендіктен, ашылу рәсіміне қатыса алмады.

«Біз әйгілі чемпионамызды ұмытпас үшін түрлі іс-шаралар өткізетін боламыз. Оның отбасымен бірге батырымыздың болашақ ескерткішінің кескінін жасап жатырмыз. Барлық дайындық жұмыстарынан кейін ескерткіш көктемде орнатылады деп үміттенеміз. Әкімдік Денис Теннің құрметіне дәстүрлі халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр. Оның нақты күнін спорт қоғамдастығымен және Денистік анасымен келісеміз», - деді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Ашылу рәсіміне Кеңес Одағының және Ресей бапкері Татьяна Тарасова қатысты. Ол Денис Теннің ұлы жігіт болғанын айтты.

ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева атап өткендей, Денис - тазалықтың, патриоттың символы, нағыз батыр, қатарластарына үлгі болған азамат.

Бүгін қонақтардың қатысуымен Халық Аренада Денис Тен атындағы кеңсе ашылады.

Айта кетейік, танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың шілдесінде Алматыда өлтірілді. Спортшыны көлік тонаушылар пышақтап кеткен еді.

 

Соңғы жаңалықтар