+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Алматыда Денис Тенге ескерткіш тұрғызылды

2019 жылғы 22 маусым 13:05
Бөлісіңіз:
Алматыда Денис Тенге ескерткіш тұрғызылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге мүсін орнатылды. Ескерткіш спортшы қаза тапқан жерге тұрғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денис Теннің мүсіні қоладан, тұғыры граниттен жасалған. Биіктігі - 2,4 метр. Мүсін Денистің қола медаль жеңіп алған Сочи Олимпиадасының финалдық бағдарламасын орындап тұрған сәтін өрнектеп тұр. Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысына орнатылған ескерткіш - Санк-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкиннің туындысы.

Айта кетейік, ол бұған дейін оңтүстік астанаға тағы бір еңбегін - Виктор Цой мүсінін арнаған болатын.

«Біз Оксана Алексеевнаға алғыс айтамыз, өйткені әрбір деталь, штрихына дейін соның қадағалауында болды», - дейді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Ол Денис Теннің анасымен біріге спортшы туралы кітап шығарылатынын, күзде оның құрметіне турнир ұйымдастырылатынын жеткізді.



Еске сала кетейік, Денис Тен былтыр 19 маусым күні қаза тапты. Пышақтан ауыр жараланған белгілі спортшы ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған еді.

Ал оны өлтірген қылмыскерлерге 17 қаңтар күні Алматыда үкім оқылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Денис Тен,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT