Алматыда Денис Тенге ескерткіш орнату үшін әкімдіктің рұқсаты керек

None
None
 АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Медеу мұз айдыны басшылары өз аумағында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішін қоюды құптап отыр. Бірақ бұл үшін қала билігінің рұқсаты керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бұл бастамаға деген көзқарасымыз түзу. Біз жобаны толық қолдадық. Бірақ мемлекеттік нысан болғандықтан Алматы билігіне қараймыз. Қазір біз әкімдікпен келісіп жатырмыз. Жобаны жүзеге асыруға рұқсат ала салысымен оның орнын анықтаймыз», - деді Медеу мұз айдынының маркетинг директоры Айгерім Ниязбекова.

Бұған дейін алматылықтар Медеу мұз айдынында Денис Теннің ескерткішін орнату үшін ақша жинауды ұсынған болатын.

«Біз Денис үшін не істей аламыз? Менің қолымнан келетіні қайырымдылық қоры үшін краудфандинг сервисін ашу. Денис Алматының тарихында қалуға тиіс, басқаша мүмкін емес. Жүрегімізге қайғы орнады. Жас, әдемі, талантты қаһарман арамыздан кетті. Енді оны еске алу үшін, оның еліне жасағанын ескере жүру үшіне арнайы орын керек. Ол мұндай құрметке әбден лайық. Біз оны қорғай алмасақ та жадымыздан өшірмейік. Ендеше күтпей-ақ өзіміз Денистің ескерткішін орнатайық және кез-келген жерде емес, Медеуде!»,-деді Facebook парақшасындағы жазбасында жарнама агенттігінің директоры Азиза Өтегенова.

Ақша краудфандинг платформасының көмегімен жиналады. Алматы тұрғыны барлық қазақстандықтарды жобаға атсалысуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар