Алматыда Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Алматылықтар спорт кешені алаңында Денис Теннің табытына келіп гүл шоқтары мен оның портретін қойып, туыстарына көңіл айтып жатыр.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев,  Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және Оңтүстік Корея мен Жапонияның Қазақстандағы елшілері қатысуда. 

Сондай-ақ әйгілі спортшымен қоштасу рәсіміне қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин де  келді.  

null

null
nullnullnullnullnullnull

null nullnullnullnullnull

null

nullnull
null




Видео: Александр Павский

Соңғы жаңалықтар