+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Алматыда «Дені сау бала – ұлт болашағы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр

2019 жылғы 5 желтоқсан 17:14
Бөлісіңіз:
Алматыда «Дені сау бала – ұлт болашағы» атты халықаралық конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Дені сау бала – ұлт болашағы», «Педиатриялық ғылымның интеграциясы, білім және тәжірибе» тақырыбында екі бірдей халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралда ана мен бала денсаулығына қатысты жиын өтті Біз нәрестенің аман-сау дүниеге келуіне жағдай жасауымыз керек - Аружан Саин Қазақстанда бала психикасына кері әсер ететін 800-ге жуық сайт бұғатталды

Шараға Ресей, Литва, Корея, Түркия елінің педиатр мамандары мен ғалымдары, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері, республиканың үздік педиатрлары мен қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қатысуда.

Іс-шараның басты мақсаты - ҚР педатрия саласының бүгіні мен болашағын саралау, балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту.

Конференция барысында педиатрия ғылымы, білім беру мен практиканың интеграциясы, педиатрия саласындағы жетістіктер, педиатриялық қызметтің негізгі мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, нәрестелер мен балалар өлім-жітімін одан әрі төмендету мәселелері, диагностикалау және емдеудің жаңа тиімді технологияларын енгізу; алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық көмектің сапасын жақсарту, хирургиялық патологиясы бар балаларға көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу мен дамыту, педиатрия ғылымын дамыту және балалардың денсаулығын сақтау қызметінде инновациялық технологияларды енгізу, еліміздің жоғары оқу орындарында сапалы педиатр кадрларын даярлау мәселесі де көтерілді.

Шара аясында ел нарығындағы медициналық және фармацевтикалық өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.

Конференция екі күнге созылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT