Алматыда денесінің 40 пайызын күйік шалған жігіт жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дəрігерлер  құрылыс жұмыстары барысында  тоқ соққан жұмысшының жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір жігіт  жансақтау бөлімінде жатыр.

№4 аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі Сүлейменов Бекболаттың айтуынша, пациенттің денесінің 40 пайызын күйік шалған.

"Пациент келе салысымен мультидисциплинарлық көмек ұйымдастырылды. Командаға комбустиолог, травматолог, реаниматолог, хирург мамандары кіреді. 10 минуттан соң дереу жансақтау бөліміне жатқызылды.

25 жастағы жігіт қазір күйік шогын басынан кешіріп жатыр. Шок жағдайынан шыққан соң күйік ауруы басталады. Ол 15-20 күнге дейін созылуы мүмкін. Əзірге болжам айту қиын", - деді Бекболат Сүлейменов.

Аурухананың күйік бөлімінің   меңгерушісі Биқоңыров Нұржанның айтуынша, науқасты электр тогы соққан.

"Беті, кеуде тұсы, қол-аяғы күйген. Оған күйіктің 2-3 дəрежесі деген диагноз қойылды. Науқас арнайы күйікке қарсы төсекке жатқызылған. "Редактрон" төсегінде жабынды ауа өткізіп тұратын құмнан жасалған. Яғни, күйік жарақатының бетіне зақым келмейді",- деді Нұржан Биқоңыров.

Оқыс оқиға бүгін Гоголь Төлебаев көшесінің қиылысында болған. Жер қазу жұмыстары кезінде жұмысшы құралымен кабельді түртіп қалған.

Соңғы жаңалықтар