Алматыда Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық ХАБ.

«Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әбіл Донбаевтың орнына Рүстем Байсейітов келді. Бұған дейін ол басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған», делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әбіл Донбаев қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымында 2016 жылдың 10 тамызынан бастап еңбек еткен.

Соңғы жаңалықтар