Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қатынайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 26, 27 қыркүйекте қоғамдық көлік әдеттегі режиммен жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенбі, жексенбі күндері қоғамдық көлік таңғы 6.00-ден 22.00-ге дейін жүретін болады.

Айта кету керек, демалыс күндері Райымбек метростансасы жабық болады.

Бұл техникалық себептерге байланысты болып отыр.

Ал Елордада қоғамдық көліктің қозғалысы 27 қыркүйекте тоқтатылатын болды.



Соңғы жаңалықтар