Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қатынай ма

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының мобильділік басқармасы демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала тұрғындары демалыстағы қоғамдық көлік жұмысына қатысты алаңдап отыр. Оған беретін жауабымыз - сенбі және жексенбі күндері қаладағы автобустар, троллейбустар мен метро штаттық режимде жұмыс істейді»,- деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметі.

Қарбалас уақытта автобустар саны көбейтіледі, ал соңғы аялдамада салондар дезинфекциялық құралдармен өңделеді.

Жолаушылар әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтап, жолаушылар мен жүргізушілер бетперде киюге тиіс.

Қоғамдық көлік осындай талаптарды сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда жаңа қаулыға сәйкес 17 шілде сағат 00:00-ден бастап сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмысына тыйым салынды.


Соңғы жаңалықтар