Алматыда демалыс күндері автобус жүретін болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Atameken Business телеарнасының тікелей эфирінде қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа шектеулерге байланысты демалыс күндері қоғамдық көліктің жүруіне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жолы қоғамдық көліктің жүрісіне қатысты ешқандай шектеу жоқ. Қоғамдық көлік демалыс күндері қатынайтын болады», - деді ол.

Айта кету керек, Алматы қаласы «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын.

Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді.

Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес енді коронавирус жұқтырған адамдар ауруханаға жатып емделеді.



Соңғы жаңалықтар