Алматыда декоративті өсімдіктер отырғызылып жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда шамамен 185 мың шаршы метр аумақ гүлмен абаттандырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл қалада раушан, қызылкүрең, коламбус, абба, лаванда, сәлбен, қазтамақ, гортензия және өзге де декоративті өсімдіктер отырғызылады. Жол жиектеріне гүл түптерін отырғызуға ыңғайлы болуы үшін бір жылдық өсімдіктер егіледі.

Мамандар баданалы өсімдіктер, көп жылдық және бір жылдық гүлдерді де егеді. Қазіргі кезде көп жылдық өсімдіктердің үлесін арттыру жұмыстары кезеңмен жүргізіліп жатыр. Бүгінде көп жылдық өсімдіктер үлесін 60%-ға жеткізу жоспарланған.

«Гүлдер климаттық жағдайларға, көлемі мен қалпына, гүлзарлардың көлеміне және сәндігіне қарай таңдалады. Биыл көп жылдық гүлдерді 15 мамырға дейін, бір жылдық өсімдіктерді 10 маусымға дейін отырғызады. Ал баданалы өсімдіктер қазан және қараша айларында егіледі. Биыл қала бойынша суару жұмыстарын күшейту жоспарланған. Мемлекеттік жеке серіктестік аясында қаланы декоративті көгалдандыру жұмыстарына 400 маман мен 50 бірлік техника жұмылдырылды», - деп хабарлады әкімдікте.


Соңғы жаңалықтар