Алматыда дәстүрлі «APPLE FEST» шарасына 150 тонна алма әкелінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент саябағында өтіп жатқан «APPLE FEST» дәстүрлі алма фестивалі қызыққа толы мерекелік бағдарламаларымен есте қалмақ.

Алматылықтардың ең сүйікті мерекесі - Алма фествалі биыл алты аймақтан құралған. Соның бірі «Аpple Базар» аймағына биыл 150 тонна алма әкелінген. Иіс аңқыған алматы апорты нарықтағы бағадан 30 пайызға арзан сатылуда. Қала тұрғындары үйлеріне молынан сатып алып кетіп жатқаныен байқауға болады.

Саябақ алаңдарында өтіп жатқан әрртүрлі мәдени шаралар алматылықтардың көңілін көтергені сөзсіз. Мұнда «Алма базардан» бөлек, «Алма отбасы», велоспиедшілерге арналған «Алма драйв», «Алма әуен» сынды ауқымды бөлімдер бар. «Алма әуен» бөлігінде құрылған сахнада танымал эстарада жұлдыздары өнер көрсетуде. Сонымен қатар, «Алма отбасы» аймағында ұлттық қолөнер шеберлері мастер класс өткізіп жатқанын айта кету керек.

Фестивальге келушілерді қала әкімі Бауыржан Байбек мекемен құттықтады.

«Біз Алматының жоғарғы технологиялық қала ғана емес, өзіндік болмысымен ерекшеленгенін қалаймыз. Қазіргі тарихи-мәдени мұраларымыз жаңару мен креативтіліктің бастауы болып отырғаны сөзсіз. Тарихшылар Алматының 1000 жылдық тарихын дәлелдеп берді. Міне, 10, 11 ғасырдан бері бұл жерді адамдар мекен етіп келеді. Қаланың 1000 жылдық тарихын Горный Гигант аймағынан табылған көне түркі теңгелері мен Шекарашылар училищесі маңынан табылған «Алмату» деген жазуы бар көне теңге дәлелдеді.

Шығыстанушы Владимир Настич Алматының қазіргі аумағында теңге соғатын сарай болған деген ғылыми болжам ұсынады. Білесіздер, жеке ақша бірлігі болу деген ол қашанда сол елдің жоғары мәдениеті мен дербес экономикасын көрсетеді.

Осы фактілерге сүйене отырып, ЮНЕСКО-ның 38-ші сессиясында 195 ел бірауыздан Алматының 100 жылдығын аталған халықаралық ұйымның ескерткіш даталар күнтізбесіне қосуға дауыс берді. Мұның барлығы да сіздер үшін, қымбатты алматылықтар. Бізде Алматыны әлемдегі ең үздік қалалар қатарына қосу үшін жасаған жоспарларымыз бар. Біз оған қол жеткіземіз деп ойлаймын, себебі біздің бәріміздің Алматыға деген махаббат біріктіріп отыр», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, Қала күнін тойлау мерекесі аясында «Алматы қаласының құрметті азаматы» сыйлығы табыс етілді. Бұл марапат ғалымдар Карл Байпақов, Камал Ормантаев және Социалистік Еңбек ері Вера Сидороваға берілді.

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар