Алматыда дарынды оқушыларға арналған «Qabilet» қызметі іске қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елбасы академиясы Алматыда жаңа жобасы іске қосылды. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Almaty Daryny орталығы директорының орынбасары Гүлнұр Кәрімғажы мәлім етті, деп абарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер атап өткендей, Qabilet дарынды балалар мен дарынды жастарды олардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін сүйемелдеуді және қолдауды көздейді.

«Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев қоры, «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асыруда. Баланың бойындағы ерекше қабілетті ерте анықтайтын арнайы халықаралық зерттеулер бар. Ата-ананың міндеті соны әрі қарай дамыту. «Елбасы академиясы» осы бағытта жұмыс істейді. Халықаралық тәжірибе мен түрлі әдістеме толық зерттелді», - деді Гүлнұр Кәрімғажы.

Әзірлеушілер Qabilet жобасы толығымен қазақстандық оқушыларға бағытталғанын және авторлық бағдарламалар бойынша іске асырыла бастағанын айтады.

«Барлық жерде сұранысқа ие төрт әлемдік дағды бар және олар бойынша шетелде «төрт К» деп аталатын балалар дамиды. Бұл сыни ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас және ынтымақтастық. Осы «төрт К» бойынша 10-11 жас аралығындағы оқушылар диагностикадан өтеді», - деп атап өтті спикер.

Daryn орталығының базасында және Елбасы академиясының Qabilet онлайн-платформасында диагностика мен қабілеттерді анықтау тегін жүргізіледі qabilet.elbasyacademy.kz.

Тестілеу қорытындысы бойынша қатысушының қабілеті талданып, сондай-ақ әлеуетті дамыту бойынша консультациялық қолдау мен ұсынымдар алады.

Сол Qabilet платформасында ата-аналарға арналған жеке кабинет бар, олар баланың қандай сынақтардан өткенін, оның қандай қабілеттері дамығанын және оны қай бағытта дамыту керектігін көре алады.

Тестілеуден өткеннен кейін сіз өз қалауыңыз бойынша маманның кәсіби Кеңесіне жазыла аласыз, ол тестілеу нәтижелерін дұрыс талдауға көмектеседі, қабілеттерін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар береді.

Бүгінде Almaty Daryny орталығының 10 қызметкері Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры базасында оқудан өтті.


Соңғы жаңалықтар