+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда дәріні қымбатқа сатпақ болған әйел ұсталды

2020 жылғы 7 шілде 17:41
Бөлісіңіз:
Алматыда дәріні қымбатқа сатпақ болған әйел ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы алыпсатарлардан тағы бір партия дәрі тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
1 млн науқасты қамтамасыз ететін дәрі-дәрмек сатып алынған СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған Қостанай облысына дәрі-дәрмектің кезекті партиясы жеткізілді

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жолы алыпсатар әйел Алматы қаласының Түрксіб ауданында ұсталды.

Ол әйелден «Гроприносиннің» 100 пакеті, балаларға арналған «Анаферонның» 105 пакеті, ересектерге арналған 62 пакет «Анаферон», сондай-ақ ол қымбат бағамен сатуды жоспарлаған 7 «Ингавирин» табылды. Ұсталған әйел бұл саудадана шамамен 1 миллион теңге табыс табады.

Қазір дәрі-дәрмектің барлығы тәркіленді.

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің іс-әрекетіне қатысты заңға сәйкес құқықтық баға беріп, жауапкершілікке тартпақ.

Кеше «Ингавирин», «Тамифлу» және «Парацетамол» дәрілерін қымбатқа сатпақ болған екі адам ұсталғанын жазған болатынбыз.

Еске салайық, ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі елімізде рейд өткізіліп жатыр.

Тексерудің мақсаты – карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT