+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда дәріні қымбатқа сатқан дәріхана мен фармацевтика компаниясының қызметкерлері ұсталды

2020 жылғы 11 шілде 13:53
Бөлісіңіз:
Алматыда дәріні қымбатқа сатқан дәріхана мен фармацевтика компаниясының қызметкерлері ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында дәрілік заттарды көтеріңкі бағамен сатқан дәріхана мен фармацевтикалық компания қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
1 млн науқасты қамтамасыз ететін дәрі-дәрмек сатып алынған СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған Қостанай облысына дәрі-дәрмектің кезекті партиясы жеткізілді

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті дәрілік заттардың жетіспеушілігін қолдан жасаған тұлғаларды анықтауға қатысты іс-шара жүргізіліп жатыр.

9 шілдеде көлеңкелі нарықта дәрілік заттарды көтеріңкі бағада сатумен айналысқан дәріхана мен фармацевтика компаниясының жұмысшылары ұсталды.

«Әлеуметтік қауіп-қатер дәрілік заттардың нақты жетіспеушілігі туындағанға дейін қоймаларда сақталуына байланысты болып отыр. Нарық жағдайға сәйкес тапшылық туындағанда бағалар өседі. Фармацевттер өз кезегінде керекті дәрі-дәрмек көлемін дәріхана желілеріне жеткізбей, оларды көлеңкелі нарықта 30-50 пайызға қымбаттатып сатады.

Іс-шара барысында жалпы сомасы 4,7 млн теңгені құраған 500 бума «Ингавирин», «Азитромицин», «Зомакс» дәрі-дәрмектері табылды», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлімі (заңсыз кәсіпкерлік) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT