Алматыда дәрігерлер BMW көлігі соғып кеткен жолаушының жағдайы туралы айтып берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрігерлер BMW соғып кеткен үшінші жолаушының жағдайы туралы айтып берді. Жол апаты өткен 14 сәуірде орын алған еді.

Жүйткіген BMW үш адамды қағып кетіп, екеуі сол жерде жан тәсілім етсе, үшіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын.

Алматы шұғыл медициналық жедел жәрдем ауруханасының дәрігерлерінің айтуынша, 37 жастағы ер адамның тобық сүйектері сынып кеткен.

Қазір оның жағдайы жақсарды. Бірақ, ауруханадан шығуға әлі ерте дейді мамандар.

Айта кету керек, Әліби Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытқа жүйткіген BMW автобус жүретін жолаққа қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Жолда «Дэу матиз» көлігін қағып, 3 жаяу жүргіншіні таптап өткен.

Қазір ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Апатқа Алматы қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері кінәлі болып шықты. Тәртіп сақшылары жүргізушіні оқиға орнында ұстады. Ол бұлтартпау шарасы туралы сот шешімі қабылданғанға дейін уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар