+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Алматыда дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік монета алды

2019 жылғы 18 қазан 15:47
Бөлісіңіз:
Алматыда дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік монета алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып тастап, жержаңғаққа қақалып қалған екі жасар баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елжан Біртанов қырғыз әріптестеріне Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі туралы айтып берді Қырғызстанда Қазақстан медицинасының күндері басталды Сарыағашта тегін медициналық көмектің тетіктері түсіндірілді

Балаларға арналған медициналық жәрдем орталығының хабарлауынша, медициналық мекемеге алты жастағы баланың анасы келіп, ұлының тиын жұтып қойғанын айтып көмек сұрған.

«Шұғыл түрде баланың асқазаны рентгенге түсірілді. Рентген кішкентай баланың асқазанында бөтен зат, яғни 100 теңгелік тиын бар екенін көрсетті. Дәрігерлер операциясыз эндоскопиялық жолмен асқазаннан бөтен затты шығарды. Ота сәтті өтті. Бүгін бала ауруханадан шығарылды»- - деді жедел жәрдем бөлімінің бастығы Мейіржан Құрманалиев.

Осы тектес оқиға келесі күні де қайталанды.

«Біздің ауруханаға екі жасар бала кешкі уақытта түсті. Анасының айтуынша, баласы жержаңғақ қосылған шоколад жеп отырып қақалып қалған. Бүлдіршінің түні бойы мазасы кетіп, ыстығы көтеріліп, тынысы тарылған. Нәтижесінде анасы мен баласы жедел жәрдеммен біздің ауруханаға жеткізілді. Балаға кеуде қуысының рентгенографиясы, өкпенің компьютерлік томографиясы, бронхоскопия жасалды. Осыдан кейін «тыныс алу жолдарында бөтен зат тұр» деген диагноз қойылды. Тексеру барысында сол жақ өкпенің дем алмайтыны анықталды, бұл өкпенің абсцессіне әкелу қауіпін төндірді «, - деді дәрігер.

Дәрігерлер жоғарыда аталған әдісті қолдана отырып, кішкентай науқасқа уақтылы көмек көрсетті. Қазір сәбидің жағдайы жақсы. Оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр.

Жалпы, жыл басынан бері шұғыл көмек көрсету орталығына әртүрлі заттарды жұтып қойған 120-ға жуық бала жүгінген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT