Алматыда дәрігерлер 400 балаға тегін консультативтік көмек көрсетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ (ҚазМҮББУ) педиатр дәрігерлері «Рахмет Сізге, дәрігер!» ақпараттық науқаны аясында кәсіптік медициналық тегін кеңестер берді.

Невролог, уролог, эндокринолог, аллерголог мамандар мен «Медициналық генетика курсымен балалар неврологиясы» және «Балалар педиатриясы» кафедралары қызметкерлері ҚазМҮББУ кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен мерекеге орай ауруханада жатқан балаларға сыйлық таратты.

№ 2 балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлер ұжымы мен ҚазМҮББУ қызметкерлері, «Балалар неврологиясы» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы М.М. Лепесова, «Балалар аурулары» кафедрасының доценті Г.А.Шәкім, А.А.Исабекова, Д.Н.Аяғанов, С.З.Нұрғалиева Алматы мен өңірлерден келген 400 баланы тегін қабылдап, дәрігерлік кеңес берді.

«Жаз мезгілі балалар үшін өте ұрымтал мезгіл. Олардың жаралану қаупі екі есеге дейін артады. Көбіне ата-аналар балаларына дұрыс қарамай, осындай жағдайға душар болып жатады. Сондықтан, ата-аналарына балаларының қиымл-қозғалысын қадағалауды ескертеміз», - деді «Балалар және неонаталды хирургия» кафедрасының меңгерушісі А.Өмешев.

Өз кезегінде қабылдауға келген ата-аналар дәрігерлерге алғысын айтып, ризашылығын білдіріп жатты.

Соңғы жаңалықтар