Алматыда дәрігерлер 365 қарияны тегін қарады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда № 1 қалалық ауруханада «Қарияларымызды аялайық» акциясы өтті. Аурухана ұжымы 365 қарияның денсаулығын тексеріп, тегін кеңес берді.

«Биыл кардиолог, жүйке жүйелері аурулары дәрігері, невролог, эндокринолог, гатсроэнеролог, уролог, терапевт, хирург, аллерголог, лор, гинеколог, пульмонолог сияқты мамандардан тұратын дәрігерлер командасы 365 адам, оның ішінде 52 ҰОС ардагерін қабылдады. 20 адам күндізгі стационарға орналастырылса, 12-сі ауруханаға жатқызылды», - деді бөлім меңгерушісі Әмина Саттарқұлқызы.

Айта кету керек, № 1 аурухана қарттар күніне орай жыл сайын дәстүрлі түрде қайырымдылық акциясын өткізіп тұрады. Биылғы акцияның форматы өзгерек болды. Біріншіден, келушілердің барлығы дәрігерлер бастаған флеш-мобқа қатысты.

Сондай-ақ, үйінен шығуға мүмкіндігі жоқ қариялар да назардан тыс қалмай, бірнеше науқастың үйіне дәрігерлер бригадасы аттандырылды.

Соңғы жаңалықтар