Алматыда дәрігерді бұрынғы пациенті атып өлтірген - полиция

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аң аулайтын қарудан атып өлтірілген ер адам гастроэнтеролог дәрігер Юрий Шумков болып шықты. Одан бұрынғы емделушісі кек алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық полициясы растады.

«Кісі қолынан қаза тапқан адам - гастроэнтеролог Юрий Шумков. Полицейлердің жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, қылмысты оның емделуші пациенті жасауы мүмкін»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында болған.

1975 жылы туған Ш. есімді азамат кісі қолынан қаза тапты. Оған біреу аң аулайтын мылтықтан оқ атқан.

Бұл қылмыс бірден ашылды. Күдікті қалада енгізілген арнайы жоспар барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды.


Сурет: gastroenterologii-too-med.obiz.ru

Соңғы жаңалықтар