Алматыда дәрігер тапшылығы мәселесін шешуге медициналық жоғары оқу орны көмектеседі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешуге медициналық жоғары оқу орны көмектеседі.

Бүгін қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақ ұлттық медициналық университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімдігінің facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

«С.Д. Асфендияров атындағы басты міндет – қажетті медициналық мамандарды даярлау. Бүгінде Алматыдағы медициналық мекемелерде 300-ден астам дәрігер-педиатр, учаскелік терапевт, жалпы практика және сәулелік диагностика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, клиникалық фармацевттер, офтальмологтар, реабилитологтар, онкологтар, психиатрлар, акушер-гинекологтар және басқалары жетіспейді», - деп мәлімдеді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.

Соңғы жаңалықтар