Алматыда дәрі- дәрмектің екі айлық қоры бар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы нарығын толықтыру үшін тұрақтандыру қорының қаражаты есебінен дәрі-дәрімектерді дәріханаларға жеткізу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаевтың айтуынша, 26 қаңтардағы жағдай бойынша стационарларда 2,6 млн дәрі- дәрмек бар.

«Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын емдеуде сұранысқа ие препараттар барлық дәріханаларда бар. Дәрханалардың препараттармен қамтамасыз етілуі 85-90% - ды құрайды, дәріханаларда бұрыннан қалған миллионнан аса сұранысқа ие препараттар бар. Бұдан басқа, нарықты толықтыру үшін тұрақтандыру қоры қаражатының есебінен қаланың дәріханаларына дәрілік заттарды жеткізу жалғасуда. Бүгінгі күні қалаға әкелуге жоспарланған 40,1 млн дәрілік заттардың 47,2 млн әкелінді, оның 22,3 іске асырылды, қолда 24,8 млн бар. Оның ішінде төмендетілмейтін қалдық 8 млн дана. Қосымша 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін 453 мың дәрілік зат түсімі күтілуде»- деді Заңғар Сәлімбаев.

Алматы қаласында дәрі- дәрмектің екі айлық азаймайтын қоры бар.


Соңғы жаңалықтар