Алматыда дәрі-дәрмекпен қамту жағдайы қалай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі дәріханалардың жұмысы бойынша жағдайды мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб таратқан мәліметке сәйкес, қалада 970 дәріхана бар, олардың 407-сі желіге жатады. Бүгінгі күні таңғы сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі режимде 277 дәріхана жұмыс істеп тұр, оның ішінде 138 желілік және 139 жеке дәріхана бар. 15 дәріхана зардап шеккен.

Қала дәріханаларына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуді «Медсервис», «INKAR», «Аманат» 3 ірі фармкомпаниясы жүзеге асырады.

«10 қаңтардағы жағдай бойынша «Медсервис» компаниясы 40 293 бірлік көлемінде дәрінің 1070 түрін тиеп жөнелткен, «Аманат» компаниясы 203 700 бірлік көлемінде дәрілік заттың 2040 түрін жеткізді. Басқа ірі жеткізушілер 11 қаңтардан бастап қала дәріханаларының тапсырыстары бойынша қажетті дәрі- дәрмекті жеткізуді бастайды»,- деп хабарлады Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб.


Соңғы жаңалықтар